Қар, екпінді жел: екі облыста автожолдар жабылды

Ауа райының нашарлауына байланысты (екпінді жел, қар) екі облыс аумағында республикалық жолдардың бес учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

Ақмола облысында – 2 учаске:

  1. «Көкшетау — Рузаевка» автожолы (0-61 шақырым аралығы) – «Көкшетау қаласы — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы» (жүк және жолаушылар көліктері үшін) учаскесі;
  2. «Астана — Петропавл» автожолы (304-341 шақырым аралығы) – «Көкшетау қаласы — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы» (көліктің барлық түрі үшін).

Солтүстік Қазақстан облысы – 3 учаске:

  1. «Көкшетау — Рузаевка» (61-91 шақырым аралығы) – «Ақмола облысы — Саумалкөл ауылы» (жүк
  2. «Астана — Петропавл» (417-473 шақырым аралығы) – «Рублевка ауылы – Бескөл ауылы» (көліктің барлық түріне);
  3. «Астана — Петропавл» (341-417 шақырым аралығы) – «Ақмола облысының шекарасы – Рублевка ауылы» (көліктің барлық түрі үшін).

Осы уақытта республикалық маңызы бар жолдарға 402 техника, 631 адам жұмылдырылды.