Пилоттық санақ тек Ақмола облысының Бурабай ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында ғана жүргізіледі. Статиститка комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкеловтің айтуынша, бұл — 2020 жылы болатын негізгі халық санағына дайындық. Жоспар бойынша науқан барысында заманауи технологиялар кеңінен қолданылмақ.
Айта кетейік, халық санағының 30%-ы интернеттің көмегімен сауалнама түрінде жүргізіледі. Қалған 70% ақпаратты жинау үшін планшет пайдаланылады. Бұл іске жұмылдырылатын адамдар мен қаржы көлемі биыл күзде нақтыланады.
«Үй-жай мәселесі, табыс деңгейі, білімге қатысты сұрақтар қойылады. Сол себепті бұл ауқымды құжат, ауқымды ақпарат беретін шара. Жалпы ұлттық санақ жүргізуді ешбір есеп ауыстыра алмайды», — деді Нұрболат Айдапкелов.