Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетел азаматы ұсталды
Полицейлер алған ақпарат бойынша күдік тудырған Өзбекстан елінің азаматын тінту кезінде күртешесінен есірткі затына ұқсас затты тауып, тәркілеп алды. Тәртіп сақшылары ұсталған шетелдікті аудандық полиция бөліміне жеткізді. Сараптамаға сәйкес, алынған өсімдік тектес зат “гашиш” болып шықты.
Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.
Мақалаға реакция
