Қысқа бейнероликтер жасау мен көруге арналған TikTok платформасы 2023 жылды қорытындылады. Әлемде күнделікті бір миллиардтан астам адам платформаға кіреді. Білгенін үйретеді, контент жасап, жай ғана бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлайды.
Платформа Қазақстандағы қолданушыларына бұрынғыдан жақындай түсті
- 2023 жылдан бастап TikTok қолданбасына қазақ тілі енді.
- Биыл платформа ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Наурыз мейрамы құрметіне орай, алғашқы #Наурыз2023 онлайн-фестивалін ұйымдастырды. Қолданушылар мейрам тақырыбына арналған шығармашылығын көрсетіп, қазақша ән шырқады, домбыра тартты. Ұлттық тағамдар мәзірін ұсынып, әсем ұлттық киімін паш етті. Онлайн-фестиваль аясында жарияланған бейнебаяндар 200 миллионнан аса рет қаралды.
Қолданушылар білгенін үйретті
- Танымдық контент Қазақстандағы қолданушылар арасында бұрынғыдан да саналуан әрі танымал бола түсті. Осылай, биыл қолданушылар мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен TikTok іске қосқан елдегі ең ірі виртуал кітап клубы — #Kitaptok-қа қосылды. Жоба іске қосылған соң, бір-ақ айдың ішінде 35 миллионнан астам рет қаралды. Қолданушылар кітап оқу туралы кеңес айтып, сүйікті шығармасынан үзінді оқыды, кітап сатып алу туралы шолу жасап, кітаптарға қатысты басынан өткен оқиғасын баяндады. Бұл бастаманы Қазақстанның әр аймағындағы 18 кітапхана мен танымал авторлар қолдады.
- Платформадағы #Қазақстанмұғалімдері жобасының ауқымы кеңейді. Ендігі жерде байқау оқу ағарту министрлігінің ғана емес, ғылым және жоғары білім министрлігінің де қолдауымен өтетін болды. Ал оған қатысып, бағалы сыйлықтарға ие болу үшін мектеп мұғалімдерімен қоса, колледждер мен жоғары білім беретін ұйымдардың оқытушылары да бағын сынай алды. Байқауға қатысу үшін олар платформада өз пәні туралы креатив және танымдық бейнебаяндар жариялауы қажет. Жарыстың нәтижесі 2023 жылғы желтоқсан айында жария болады.
Қазақстанның көркемдігі қайта ашыла түсті
#Қазақстангиді бастамасы іске қосылып, оның аясында қолданушылар көрікті мекендер, мәдени орындар мен бүкіл елдегі гастрономиялық туризмге арналған орындар туралы бейнебаян түсірді. Жобаның мақсаты – ішкі туризмге назар аудартып, платформа қауымдастығын туған жерге көбірек саяхаттауға шақыру.
Қолданушылар қауіпсіздігіне көңіл бөлінді
TikTok үшін қолданушылардың қауіпсіздігі басым бағыт болып қала береді. Сондықтан да қолданушыларының цифрлық сауат деңгейін арттыруға бағытталған Қазақстандағы «Қауіпсіздік академиясы» ағартушылық бастамасын дамытуды белсенді түрде жалғастырды. Биыл осы бастама аясында мынадай жобалар іске қосылды:
- #Позитивсыйла — интернетте мейірімді және сау атмосфераны құруға шақыратын жоба..
- #Цифрлыигілік — онлайн және офлайн өмір арасындағы тепе-теңдік тақырыбына арналған жоба.
- #Лүпілдетбірақтексер — платформа қолданушыларына медиасауат негіздері туралы баяндайтын жоба.
Биыл платформаға Қазақстандағы қолданушыларының психикалық саулығын қолдауға арналған жаңа функция қосылды. Ендігі жерде қолданушылар қолданбада психикалық саулыққа қауіп төндіретін сөздер енсе, Telefon150 психологиялық қолдау қызметінің байланыстары бар бетке қайта бағытталады.
