Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 10 желтоқсанда Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Атырау облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктерінде тұман түседі. Облыстың таулы аудандарында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Соққан желдің екпіні — 15-20 м/с. Таңертең және түстен кейін Шымкентте тұман болады деп болжанады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болуы мүмкін.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Соққан желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді. Ақтауда күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Кейде көктайғақ болуы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.

11 желтоқсанда таңертең және түстен кейін Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, 12 желтоқсанға қараған түні өңірдің таулы аудандарында қалың қар жауады. 10-12 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түсіп, жаяу бұрқасын жүреді. 10 желтоқсанда көктайғақ болады. 10-12 желтоқсанда өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысының таулы аудандарында қалың қар жауады деп болжанды. Облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Алматы мен Қонаевта тұман болады.

Семей қаласында 9 желтоқсанда сағат 21.00-ден 10 желтоқсанда сағат 21.00-ге дейін күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ҚМЖ туралы ескерту өз күшінде қала береді.

9 желтоқсанда сағат 21.00-ден 10 желтоқсанда сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты жарияланған екінші дәрежелі ҚМЖ ескертуі өз күшінде қала береді.