Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар аясында президент облыстың экономикалық даму барысымен және жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларымен танысады, сонымен қатар өңірдегі бірқатар әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр, — делінген хабарламада.