Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі Сербиядан экстрадицияланды

Ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы бір мүшесі Сербиядан экстрадицияланды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.

Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы, Қазақстаннан тыс жерлерге қашып кеткен заңбұзушыларды экстрадициялау бойынша жұмыстарды жалғастырып жатқаны айтылды.

Биыл, 18 қарашада «OLIMP KZ» букмекерлік кеңсеcінің қызметімен байланысты қылмыстық топтың құрамында болған күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланған болатын. Бүгін бас прокуратура, қаржылық мониториң агенттігі және ІІМ-нің интерпол қызметкерлері сыртқы істер министрлігінің көмегімен оның сыбайласын Сербия Республикасынан экстрадициялады. Олар 2014-2019 жылдары қылмыстық топтың құрамында заңсыз құмар ойындарын өткізуге, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны, сонымен қатар қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыруға қатысы бар деген күдікке ілінген, — делінген хабарламада.

Аталған заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 86 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген. Осыған байланысты күдіктілерге қатысты соталды тергеп-тексеру басталып, кейін олар халықаралық іздеуге жарияланған. Қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен үш жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазіргі уақытта күдікті Астананың тергеу изоляторына қамалды. Фигурантты экстрадициялау Қазақстан мен Сербия арасындағы «Ұстап беру туралы» шарттың болуына байланысты мүмкін болды.