Астанада көктайғаққа байланысты жол-көлік оқиғаларының саны күрт артты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Жолдағы жүргізушілермен қатар, жаяу жүргіншілерге сақтық шараларына айрықша назар аударуы қажет, — делінген хабарламада.
4 желтоқсанда сағат 20.00-ден бастап 5 желтоқсандағы сағат 7.00-ге дейін 63 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Ал бүгін сағат 7.00-ден 12.00 аралағында тағы 72 ЖКО болды.
Еске салайық, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы көктайғаққа қатысты тұрғындарға үндеу жасады.