Министр: Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай ушығып тұрған жоқ

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университеттерде қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық ахуал қандай екенін айтты.

Саясат Нұрбектің айтуынша, жоғары оқу орындарында қызылша ауруы бойынша жағдай тұрақты.

Қазіргі таңда жоғары оқу орындарының 8 мыңға тарта студенті медициналық көмекке жүгінді. Соның ішінде 200-300 адам ғана қызылша жұқтырды деген күмәнмен барған. Сол себепті күрделі эпидемиологиялық ахуал жоқ. Біз денсаулық сақтау министрлігімен, бас санитарлық дәрігермен тығыз байланыстамыз, — деді министр үкіметте өткен брифиңде.

Ол жіті респираторлық вирустық инфекция өршіп тұрғанын, бірақ қызылша жұқтырған студенттер саны өте аз екенін атап өтті.