Елімізде 19 мыңнан астам адам қызылшамен ауырып жатыр

Қазақстанда 4 желтоқсанда қызылшаның 19 471 жағдайы тіркелді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Оның 81%-тен астамы, яғни 15 807-сі 14 жасқа дейінгі балалар.

Қызылша еліміздің барлық аймағында тіркеліп жатыр. Әсіресе төрт өңірде сырқаттанушылық жоғары деңгейде, олар Шымкент – 3 021 жағдай. Алматы қаласында – 2 960, Жамбыл облысы — 2 642 жағдай және Алматы облысы – 1 687 жағдай, — делінген хабарламада.

Республика бойынша сырқаттанғандардың 83% вакцина алмаған балалар. Министрлік мәліметінше, ауырған 15 807 баланың 13 180-і екпе алмаған.

Биыл 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы 6-10 айлық балаларға, 2 жастан 4 жасқа дейінгі балаларға және вакцинацияланбаған медицина қызметкерлеріне қарсы қосымша жаппай иммундау басталды. Бүгінгі күні 179 680 адам вакцина алды, яғни қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцина алғандар саны 12%-ке жетті, — делінген хабарламада.