Басты бет / Қоғам /
1cad4ccdf018cada5f9d34cabe64665e Түркістан полициясы 7,5 млн теңге қарызы бар көлік жүргізушісін анықтады
Фото: Түркістан облысы полиция департаменті

Түркістан полициясы 7,5 млн теңге қарызы бар көлік жүргізушісін анықтады

Түркістан облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережесін бұзудың алдын алу бойынша әкімшілік айыппұлдарға қатысты берешегі бар автокөлік құралдарының жүргізушілерін анықтауды жалғастырып жатыр.

Бұл туралы Түркістан облысының полиция департаменті хабарлады. 

Мәселен Жедел басқару орталығынан полицейлерге “Қорғау” жүйесіне Кia Rio көлігіне қатысты дабыл келіп түсті. Анықталғандай, көлікте 7,5 миллион теңгеден астам берешек болған, — делінген хабарламада. 

Патрульдік полиция инспекторлары қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған автокөлігін Алматы – Ташкент – Термез тасжолынан анықтап, тоқтатты. Полицейлер автокөлікті айыптұраққа кіргізіп, жүргізушіге берешек пен салынған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеу қажеттігі туралы түсіндірді.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram