Түркістан облысында айыппұлы төленбеген автокөлік жүргізушілері анықталды

Құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, Түркістан облысы ПД ЖПҚ Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушілерінде төленбеген айыппұлдары бар көлік құралдарын анықтауда.

Бұл туралы Түркістан облысының полиция департаменті хабарлады.

Мәселен Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығынан поилцейлерге «Қорғау-қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы «Лада 21114» маркалы автокөлігіне дабыл келіп түсті. Онда көліктің 1 миллион теңгеден астам берешегі бары көрсетілген. Патрульдік полиция инспекторлары қызмет атқару барысында, аталмыш көлікті Сарыағаш ауданындағы «Сарыағаш-Жетісай-Жібек жолы» тасжолында тоқтатты. Тәртіп сақшылары автокөлікті айыптұраққа кіргізіп, жүргізушімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары бірнеше сағаттан кейін 4,5 миллион теңге қарызы бар тағы бір жүргізуші-борышкерді анықтады, — делінген хабарламада. 

Жедел басқару орталығына «Қорғау» бағдарламасы мен «Сергек» камералары арқылы «Мерседес-Бенц» автокөлігіне дабыл түсті. Аталған көлікті тоқтату үшін патрульдік полиция қызметкерлеріне нақты деректер берілді.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары «Сарыағаш-Жетісай-Жібек жолы» автожолының 213 шақырымында «Мерседес-Бенц» автокөлігін тоқтатып, айыптұраққа қойды. Түркістан облысының полицейлері автокөлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады. Сонымен қатар салынған айыппұлдарды уақтылы төлеу қажеттігін ескертеді, — делінген хабарламада.