Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Полиция астаналықтарға үндеу жасады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Елордалық полицейлер жүргізушілерден жолда сақ болуды сұрады. Бұл туралы Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 желтоқсанда таңертеңнен бері қалада 50 жол-көлік оқиғасы болған.

Ауа райының қолайсыздығына және жауын-шашынға байланысты жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, көлікті күрт тежемеуді және қашықтықты сақтауды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де ерекше сақтық танытып, жолды тек белгіленген орындардан кесіп өтуі керек екені айтылды. Жол қозғалысы ережелерін елемеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.