Басты бетЖаңалықтарҮкімет шет елдерден көлік әкелу мен пайдалану талаптарын бекітті

Үкімет шет елдерден көлік әкелу мен пайдалану талаптарын бекітті

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов шет мемелекеттерде тіркелген көліктерді Қазақстанға әкелу және оларды пайдалану талаптарын бекітті.

Премьер-министр қол қойған қаулы primeminister.kz сайтында жарияланды.

Құжатқа қоса ұсынылған қосымшада:

  • басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіру (әкеліну) тәртібі мен талаптары;
  • басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану қағидалары мен талаптары жазылған.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да