Хостелдегі өрттің шығу себептерін тексеру үшін министр генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен ТЖМ-ның жедел тобы оқиға орнына аттанды.
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт ошағы жертөленің дәлізінде болған. Өрт орнында Алматы қаласы ТЖД өрт сынау зертханасының анықтаушылары мен мамандары жұмыс істеп жатыр.
Бұл объект 1,5 ай бұрын хостел ретінде қайта жабдықталған. Хостелдің ауданы – 457 шаршы метр. Алматы қаласы ТЖД өрттің осы фактісі бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді, — делінген хабарламада.
Еске салайық, бүгін таңертең Алматыда болған өрт салдарынан 13 адам қаза болды, екеуі ауруханаға жеткізілді. 59 адам шұғыл эвакуацияланды. 56-сы жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды. Мұндағы тұрғындардың дені — шет мемлекеттердің азаматтары.