Елімізде Samsung Galaxy S8 және S8+ қашан сатылымға шығады?

Олардың түсі қара гауһар тас түсті, мистикалық аметист түсті және асыл сары тас түстерінде болады. Қазақстанда 30 сәуірге дейін алдын ала тапсырыс беруге мүмкіндік туды.

Айта кетейік, алғашқы тапсырыс берушілер бағалы сыйлықтарға ие болады.

Олардың айырмашылығы дисплейлерінің көлемінде. Galaxy S8 және Galaxy S8+ экранының диагоналі 5,8 және 6,2 дюйм.  Смартфондар екі түрлі Samsung Exynos 8895 немесе Qualcomm Snapdragon 835 процессорлы болмақ. Камерасы 12 және 8 мегапиксельден тұрады. Жадының көлемі – 64 Гбайт, оперативті жады 8 Гбайт.

Сонымен қатар, жаңа смартфондар биометриялық технологиялармен жұмыс істейді. Онда саусақ ізін қалдыратын, көздің сыртқы қабығының сканері мен адамдарды тани алатын жүйе бар.

Айта кетейік, смартфондар инновациялық құлаққаппен бірге сатылатын болады. Құлаққаптар өте ыңғайлы болуымен ерекшеленеді екен.

ДереккөзTengrinews.kz