Газа секторынан 92 Қазақстан азаматы эвакуацияланды

Газа секторынан 92 Қазақстан азаматы эвакуацияланды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Бүгін эвакуацияның бірінші кезеңі аясында «Рафах» бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан 92 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері Мысыр аумағына өтті.

Қазақстандық дипломаттар отандастарымызға барлық қажетті консулдық-құқықтық және психологиялық көмек көрсетті. Шекарадағы рәсімдерден кейін барлығы бір тізбекпен Каир қаласына шықты.

Газа секторынан эвакуациялау кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. Осы орайда қазақстандық дипломаттар Израиль, Мысыр, Палестина ұлттық әкімшілігінің құзыретті органдарымен және басқа да халықаралық ұйымдармен қалған отандастарымызды анклавтан эвакуациялау бойынша жұмысты жалғастырады, — дейді министрлік мамандары.

Газа секторынан шыққан Қазақстан азаматтары Каирге аман-есен жеткеннен кейін оларға эвакуациялық борт жіберіледі.