Алматыда Тұздыбастау ауылына қатынайтын тағы бір қала маңы бағыты ашылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
21 қарашада №232 қала маңына қатынайтын жаңа бағыт ашылды.
Бұл бағыт Тұздыбастау ауылынан («Сұлтан» кешені) «Алматы-2» теміржол вокзалына дейін жүреді. Жеті автобус бар, қозғалыс аралығы 20 минут, — делінген хабарламада.
Алматы агломерациясын дамыту аясында 2023 жылы 25 елдімекенді қамтитын 10 жаңа қала маңына қатынайтын жаңа маршрут ұйымдастырылады. Бұған дейін жеті маршрут ашылды, қалған екі бағыт әзірленіп жатыр.
Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес, 2024 жылдың соңына дейін 20 жаңа қала маңы маршрутын ұйымдастыру жоспарға енген, бұл 50 елдімекенді қамтамасыз етеді, — делінген хабарламада.