Қасым-Жомарт Тоқаев 23 қарашада Минск қаласында өтетін ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ал 24 қарашада мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапарымен барады.