Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қарашада оңтүстік өңірлерде күн 22 градусқа дейін жылиды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/ Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 14-16 қараша күндері ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, биыл қараша әдеттегіден тыс жылы болып, қыс кештеу басталады.

Әуелі батыс, одан кейін Қазақстанның басқа өңірлеріне оңтүстік және атлантикалық циклон ықпал етеді. Нәтижесінде ауа райы бұлтты әрі жауын-шашынды, ал температура бір-біріне ұқсас, бірақ жылы болады. Ал оңтүстік өңірлерде жауын-шашын аз түседі және ауа температурасы күндіз 17-22 градусқа дейін жылиды — делінген хабарламада.