Қорғаныс министрінің бұйрығымен Шайх-Хасан Жазықбаев қарулы күштер бас штабы бастығының орынбасары болып тағайындалды.
Қазақстан армиясында генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев әскери училище курсантынан бастап «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысына дейінгі лауазымдық жолдан өтті. Ол жауынгерлік және бітімгерлік дайындық бойынша жауапты қызметтер атқарды. Бірнеше әскери бөлімнің командирі, штаб бастығы – «Батыс» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары болды, — делінген министрлік таратқан баспасөз хабарламасында.
Шайх-Хасан Жазықбаева 1999 жылы Пенза жоғары артиллериялық инженерлік училищесін, 2013 жылы Ұлттық қорғаныс университетін, 2019 жылы Ресей Федерациясы ҚК Бас штабының әскери академиясын бітірген.
Ирак Республикасындағы инженерлік-саперлік жасақ құрамында бітімгерлік операцияға қатысқан.
II дәрежелі «Айбын» орденімен, ведомстволық наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.