Қазақстандық БАҚ-та бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғаны туралы жазылып жатыр.
Дереккөздерде 9 қарашада Қуандық Бешімбаев қаладағы мейрамханалардың бірінде әйелін мас күйінде ұрғаны туралы жазылған. Қуандық Бишімбаевтың әйелі жедел жәрдем көлігі жеткенше қаза болған.
ІІМ мейрамханада жанжал болып, салдарынан бір әйелдің көз жұмғанын растады. Бірақ осы оқиғаға қатысты не күдіктінің не қаза болған адамның аты-жөнін атамады.
Күдікті қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында Есіл аудандық ПБ мен ПД жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу» 201-бабына сәйкес, бұл қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтерді ұсыну мүмкін емес, — делінген хабарламада.
Қуандық Бишімбаев 2016 жылғы мамыр мен желтоқсан аралығында ұлттық экономика министрі болған. Оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2017 жылғы қаңтарда ұстады.
2018 жылғы наурызда Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол пара алу және ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
2019 жылғы қазанда экс-министр бостандыққа шықты.