Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 6 қарашада бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады. Мамандардың болжамынша, кей өңірде тұман түсіп, екпіні күшті жел соғады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күндіз күші 15-20 м/с болады.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан облысының солтүстігінде шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Жетісу облысы Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақытта 25 м/с болады.