Басты бетЖаңалықтарҚазақстан азаматтары...

Қазақстан азаматтары қай дінді ұстанады?

Қазақстан азаматтарының 11%-і ұстанатын дінін айтудан бас тартқан. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Кейінгі екі санақ аралығындағы кезеңде исламды ұстанатын халықтың үлесі қатты өзгерген жоқ – 69,3%, христиан діні – 17,2%, буддизм мен иудаизм – 0,1%. Еш дінге сенбейтіндер үлесі 2,8%-тен 2021 жылы 2,3%-ке дейін төмендеді, — делінген хабарламада.

Санақ қорытындысы бойынша, респонденттердің 11%-і қандай да бір дінге қатысын көрсетуден бас тартқан. 2009 жылғы санақ кезінде мұндай бас тартқандардың үлесі 0,5% болған.