Басты бетЖаңалықтарПрезидент Ақордада...

Президент Ақордада Мажарстан премьер-министрін қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанды қарсы алды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қарсы алу рәсімі салтанатты рәсімдер залында Құрмет қарауылының сап түзеуінен басталды. Қарауыл бастығы мемлекет басшысы мен мәртебелі мейманға баянат берді.

Осыдан кейін президент оркестрі екі елдің әнұранын орындады.

Одан әрі Виктор Орбан мен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, ілтипат білдірді.

Бұдан кейін екі ел басшылары Құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді.

Мажарстан премьер-министрі Құрметті қарауыл бастығымен қоштасып, Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуге өтті.