Таудан тас құлауына байланысты Медеу-Шымбұлақ жолы жабылды

Бүгін Медеу-Шымбұлақ жолында құлаған жартасты тасу жұмыстары басталды.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, жұмыс жүргізу кезінде автокөліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектелді.

Сонымен қатар аумақтарды тас құлауынан және көшкіннен инженерлік қорғау, жартасты және жол беткейлерін нығайту жұмыстары жоспарланған. Оған шамамен 11 бірлік техника мен 50 адам тартылатын болады, — деп хабарлады әкімдіктен.

Тау шаңғысы курорты мен кәсіпорындарының қызметкерлері үшін өткізу режимінің кестесі қалыптастырылатын болады.

Қозғалыс туралы ақпарат әр ұйымның басшылығына жолданады.

Жобаны іске асыру екі кезеңге есептелген. Негізгі жұмыстар келесі жылға жоспарланған.