Қазақстан мен Оңтүстік Корея 5 жаңа жобаны жүзеге асырады

Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Оңтүстік Кореяның сауда министрі Ан Док Гын құны $1,5 миллиардтық жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. 

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде жалпы құны $1,5 миллиард болатын бес жоба жүзеге асыруға дайын және жалпы құны шамамен $500 миллиондық тағы 25 перспективалық жоба әзірленіп жатыр. Айқын мысал ретінде, Қостанайдағы жылына 70 мың автокөлік өндіруге қуаты бар, инвестиция көлемі $190 миллион жаңа ірі KIA зауытының құрылысын атауға болады, — деді Әлихан Смайылов.

Әлихан Смайылов былтыр тауар айналымы 2,3 есе өсіп, $6,1 миллиардтан асқанын, ал биылғы жылдың сегіз айында тағы 11%-ке артқанын айтып өтті.

Сонымен қатар ол Оңтүстік Корея еліміздің экономикасындағы ірі инвесторлардың топ-10-дығының қатарында екенін еске салды. Атап айтқанда, кейінгі 18 жылда Қазақстанға $9,2 миллиардқа жуық инвестиция тартылған. Ал былтыр Кореядан келген тікелей инвестицияның жалпы көлемі 85%-ке өсіп, жаңа рекордтық – $1,5 миллиардқа жетті.

Премьер-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта елімізде 700-ден астам кореялық кәсіпорын жұмыс істейді, олардың ішіндегі ірі компаниялар – KIA, Hyundai, Samsung және LG.

Ал Ан Док Гын Оңтүстік Корея Қазақстанмен экономиканың әртүрлі саласы бойынша белсенді технологиялық ынтымақтастыққа дайын екенін айтты.