«GEO-ANALYTICS.KZ» инновациялық жобасы үшін Алматы Оңтүстік Кореяда қола жүлде иеленді

«Ақылды қала» сыйлығы — биыл алғаш рет өткен халықаралық байқау. Оны Сеул үкіметі (Seoul Metropolitan Government) және дүниежүзілік ақылды тұрақты қалалар ұйымы (WeGO) жаңа технологияларды енгізуге мегаполистерді ынталандыру мақсатында бекітті. 

Биыл Алматы қалалық деректер геоаналитикасы платформасының жобасы үшін, яғни «GEO-ANALYTICS.KZ» инновациялық жобасы үшін Tech-InnovaCity номинациясы бойынша сыйлықтың қола жүлдегері атанды. Осы номинация бойынша Веллингтон (Жаңа Зеландия) алтын, Мадрид (Испания) және Лос-Анджелес (АҚШ) күміс жүлде алды.

Байқауға 240 өтінім түскен: инновациялық шешімдерді ұсынған қалалар ғана емес, сонымен қатар бірегей технологиялық өнімдерді әзірлеген жеке компаниялар да қатысқан. Қазылар алқасы жобаларды Tech-Innovaciy, Human-CentriCity және LLeadership деген үш номинация бойынша бағалады.

«Ақылды қала» сыйлығы Сеул басқаратын WeGO халықаралық қауымдастығының қолдауымен өтеді. WeGO 160 қаланы, 37-ден астам жоғары технологиялық компанияларды және қалалық процестерді автоматтандыру үшін инновацияларды дамытуға және жасанды интеллектіні енгізуге бағытталған 18 халықаралық зерттеу ұйымын біріктіреді. Ұйымға Қазақстан атынан Алматы мен Астана қатысады. WeGO-мен ынтымақтастық «ақылды қалалар» саласындағы үздік тәжірибелер және стандарттармен өзара алмасу үшін халықаралық платформаға қосылуға мүмкіндік береді. Ұйымның Алматыда өзара тиімді іс-қимыл жасау жөніндегі өңірлік кеңсесін ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.