Министрлік ҰБТ-ға енгізілмек болған өзгерістерден бас тартты

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келесі жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізіледі деген өзгерістің болмайтынын мәлімдеді. 

ҰБТ-2024 кезінде бейіндік пәндерді біріктіру жоспары болған. Мәселен, «В059 – Байланыс және коммуникациялық технологиялар», «В055 – Математика және статистика», «В063 – Электротехника және автоматика» білім беру бағдарламаларының топтарына түсуші үміткерлер «Математика-Информатика» комбинациясын тапсырады деген.

Алайда болашақ мамандығы ретінде осы мамандықтарды таңдаған көптеген талапкер «Математика-Физика» мамандандырылған пәндер комбинациясынан кетуді сұрады, өйткені олар дайындықты бастап кеткен. Осылайша, біз сіздердің талап-тілектеріңізді ескере отырып, бұл мәселелерді өзгеріссіз қалдыруға шешім қабылдадық, — деді министр.

Сондықтан ҰБТ-ға дайындықты «Математика-Физика» пәндері бойынша жалғастыруға болады.

Саясат Нұрбек оқу жылының басында ұлттық тестілеу орталығының сайтында әдебиеттер тізімі мен тапсырмалар құрастырылған тест сұрақтары жарияланғанын еске салды.

Атап айтқанда, «Қазақстан тарихы және «Дүние жүзі тарихы» пәндері бойынша 100 тарихи даталардың тізімі, «Информатика» пәнінің терминдер тізімі, «Қазақ әдебиеті» және «Орыс әдебиеті» бойынша әдеби шығармалар тізімі мен онлайн тестілеу сынақтары бар.

Бұдан бөлек, жақын арада тегін онлайн сабақтар басталады.