2024 жылғы ҰБТ-ның пән бойынша шекті балы белгілі болды

2024 жылғы ҰБТ-да екі пән бойынша шекті балы төмендеді. Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

ҰБТ форматы: бес пән (үш міндетті + екі бейіндік)

Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма, шекті балл  – 3;
Оқу сауатталығы – 10 тапсырма, шекті балл – 3;
Қазақстан тарихы – 20 тапсырма, шекті балл – 5;
1 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5;
2 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, «Математикалық сауаттылық» және «Оқу сауаттылығы» пәндері бойынша шекті балл үш балға дейін төмендеді. Оған дейін бұл пәндер бес баллдан кем болмауы керек еді.