15 қазанда елімізде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 15 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, атап айтқанда, жауын-шашын болады, еліміздің шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел болады деп болжанады. Еліміздің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша түнде және таңертеңгі уақыттарда тұман болады деп болжанады, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да