Израильдегі қазақстандықтарды елге әкелуге қосымша рейс жасала ма?

Израильден Қазақстанға қосымша репатриациялық рейстер ұшпайды. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

Қосымша рейс қарастырылмайды. Жалпы кеше „Тель-Авив — Ақтау — Алматы“ бағыты бойынша бір рейс жасалды. 160 азамат келді, борттың мүмкіндігі — 180 адамға дейін. Елге оралғысы келетін барлық азамат Қазақстан Республикасының аумағына жеткізілді. 166 азаматтың 42-сі шетел азаматы болды, — деді министр.

Сонымен қатар министр Израильге әуе қатынасының уақытша тоқтағанын айтты.

Әуе қатынасы Израиль аумағындағы жағдай жақсарғанға дейін жанданбайды.

Еске салайық, Израильдегі соғыс жағдайының өршуіне байланысты сонда жүрген 124 қазақстандықты Air Astana әуе компаниясы арнайы репатриациялық рейспен елге жеткізді.