Израильдегі қазақстандықтарды алып қайтатын рейс Тель-Авивке ұшып кетті

Тель-Авивтен қазақстандықтарды алып қайтатын Air Astana ұшағы бүгін таңғы 08.00-де Алматыдан ұшып кетті.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандықтарды мінгізіп, кері қайтатын рейс жергілікті уақытпен бүгін түнгі 23.45 шамасында Алматыға қонады, — делінген хабарламада.

Еске салайық, Израильде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түспеген.