Үкіметте ұн бағасы не себепті өсіп жатқаны талқыланды

Үкіметте премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің баға жағдайы мен алдағы маусымаралық кезеңдегі тәуекелдер талқыланды.

Шенеуніктердің айтуынша, қазір ішкі нарықта ұн өнімдерінің қымбаттау қаупі бар.

Қыркүйек айының ортасында астық нарығы конъюктурасының өзгеруіне байланысты жекелеген өңірлерде бидай бағасының өсуі байқалады. Бағаның өсуіне бірнеше фактор себеп болған: күн райының қолайсыздығы, отандық астық өңдеушілерге Ресейден жетізілетін астықты тасымалдауға вагондардың жетіспеушілігі.

Астық бағасының көтерілуі нәтижесінде 13 өңірде ұн бағасы өсті, — деп мәлімдеді сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков.

Ұн мына өңірлерде қымбаттаған: Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстары.

27 қыркүйекте сауда және интеграция министрлігі ауыл шаруашылығы министрлігімен, азық-түлік корпорациясы, ҚТЖ және әкімдіктермен бірлесіп, азық-түлік корпорациясының арзандатылған астығын өңірлерге жедел жеткізу және оны өңірлердегі ұн өндіруші операторларға беру үшін шұғыл шаралар әзірледі. Бірақ түрлі себептерге байланысты процесс ұзаққа созылған. Бүгінгі таңда тек Түркістан облысына ғана арзандатылған астық толық жеткізілді.

Серік Жұманғарин барлық өңірде бұл мәселені жедел пысықтап, шешуді тапсырды.