Азия ойындары: қоржынға тағы екі алтын медаль түсті

Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков Қазақстан құрамасының қоржынына жетінші алтын медальді салды.

69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз финалда БАӘ келген қарсыласы Мұхаммед әл-Суваидиді 4:2 есебімен жеңді. Бұл Азия ойындарында Қазақстан құрамасының жетінші алтын медалі.

Сонымен қатар каратэден 75 келі салмақ дәрежесінде қарсыласы иорданиялық Хасан Масарвехті 8.0 есебімен жеңген Нұрқанат Әжіқанов қоржынға сегізінші медальді салды.

Екі спортшыны да туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев құттықтап, табыс тіледі.