«Қазгидромет» РМК сниноптиктері 5-7 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Таяу күндері Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінің тұрғындарын жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтеді. Күндізгі уақытта еліміздің солтүстігінде 15-23 градусқа дейін жыланады, оңтүстікте 20-28 градус жылу сақталады.
Республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жаңбыр, найзағай мен екпінді жел күтіледі. Еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік сақталады, — делінген хабарламада.
