Қазақстанда электр көлігі бір жылда 10 есе көбейді

Қазақстанда бір жылда 4,4 миллион жеңіл көлік тіркеліп, былтырғымен салыстырғанда 15,2%-ке артты. Бұл туралы Energyprom хабарлады.

Елдегі көліктердің басым бөлігі – 3,9 миллион көлік бензинмен жүреді. Сонымен қатар дизель отынымен — 83,2 мың автокөлік, газ баллонды отынмен — 5,4 мың, электр энергиясымен — 4,7 мың, аралас отынмен (бензин, газ баллонды отын және электр қозғалтқышты) — 366,4 мың автокөлік тіркелген. 90,8 мың көлікті тіркеу кезінде жанармайдың түрі көрсетілмеген.

Ең бастысы, тіркелген электр көліктерінің саны 10,4 есе, бензинмен жүретін көліктер саны 14,9%, дизельді көліктер 12,2%, газбен жүретін көліктер 38,2%, аралас көліктер саны 19,3%-ке көбейген.

Өңірлер бойынша ең көп электрокөлік Алматыда тіркелген: 2,8 мың, бір жыл бұрын 40 электрокөлік қана болған. Жылдық өсім 68,8 есе. Алматыда мұндай көліктердің үлесі бір жыл бұрын 8,9% болса, қазір 59%.

Екінші және үшінші орында Астана (бір жыл бұрын 12 электрокөлік, қазір 550) және Алматы облысы (бір жыл бұрын бір ғана электрокөлік болса, қазір 208).

Электр қозғалтқышы бар көліктер ең аз өңір Абай (8), Солтүстік Қазақстан (14) және Жетісу (21) облыстары.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да