Алматы аудандарының бірінде уақытша суық су болмайды

Алматыдағы Бостандық ауданында жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты суық су беру уақытша ажыратылады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

5 қазанда сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін Бостандық ауданында Малахов — Розыбакиев — әл-Фараби — Ә.Кекілбайұлы көшелері бойында су беру уақытша тоқтатылады, — делінген хабарламада.

Желілер және сумен жабдықтау нысандарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты суық су беру ажыратылады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Анықтама үшін телефон нөмірі: +7 727 274 66 66, — делінген хабарламада.