Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ғабит Садырбеков бас прокурордың орынбасары болды

Фото: ҚМА
Мемлекет басшысының өкімімен Ғабит Садырбеков Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Садырбеков Ғабит Амангелдіұлы 1978 жылғы 3 маусымда Ақмола облысында туылған.

Білімі жоғары, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.

2001-2017 жылдары прокуратура органдарында, 2017-2020 жылдары банк саласындағы қызмет еткен.

2020-2021 жылдары Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі болған.

2021 жылғы 2 наурыздан 2022 жылғы 8 қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасының қаржылық мониторинг агенттігі аппаратының басшысы болды.

2022 жылғы 8 қаңтардан қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасының қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымында болды.

Айта кетейік, мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды.

Мақалаға реакция