29 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

“Қазгидромет” мамандары 29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің мәліметі бойынша, республиканың батыс бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, республиканың қалған бөлігінде жаңбыр жауады, күндіз таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін. Алматы облысының Оңтүстік жартысында найзағай ойнайды. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түсіп, күндіз шығыс пен орталықта екпінді жел соғады.

Астанада ауа райы жауын-шашынсыз құбылып тұрады.Батыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +15+17°С.

Алматыда ауа райы құбылып, күн шығып, кейін жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +19+21°С.

Шымкентте аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +22+24°С.