18 жастағы қазақстандық спортшы Зухара Ирназарова Азия ойындарында 10 метр қашықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында алтын алды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Спортшы 560 ұпай жинап, Солтүстік Кореяның екі мергенін озды.
Керемет нәтиже! Зухраны кез келген спортшы үшін маңызды жеңісімен құттықтаймын! Бұл ол үшін соңғы жетістік емес екеніне сенімдімін, – деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Айта кетейік, бұл — Қазақстанның Азия ойындарында иеленген екінші алтыны. Бұған дейін стенд атудан Қазақстанның әйелдер командасы — Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панарина «скит» жаттығуында алтын медаль жеңіп алды. Осылайша, олар Азия ойындарының рекордын 350 баллға жеткізді.