Қарттар күніне берілетін сыйақының мөлшері қанша?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қарттар күніне біржолғы материалдық көмек берілетінін айтты. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Министрдің айтуынша, қарттар күніне Астана қаласында, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарындағы, оған қоса республика күніне Ақмола және Павлодар облыстарындағы 234 мың аға буын өкілдеріне 2-ден 10 АЕК-ке дейінгі мөлшерде, шамамен 1,9 миллиард теңгеге біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда 2,3 миллион зейнеткер бар.