Facebook әлеуметтік желісінде 2%-бен 90 млн дейін несие рәсімдеу туралы ақпарат таратылады. Бұл ақшаға жылжымайтын мүлік сатып алу немесе бизнес ашу ұсынылады. Мұндай жомарт ұсыныстарға сенбеген жөн. Бұл туралы StopFake.kz жазды.
Әуелі хабарлама мәтініне назар аударайық. Біріншіден, онда несиелерді банк немесе қандай да бір қаржы ұйымы емес, жеке тұлға беретіні айтылған. Екіншіден, қарыз валютасы қазақстандық теңгемен емес, қырғыз сомасымен көрсетілген. Мұның бәрі алаңдаушылық тудырады, — делінген хабарламада.
Желіден іздеп, жеке тұлғаның несие беру туралы ұсыныстары шетелде сирек емес екені анықталды. Мысалы, Сингапурда алаяқтар осылай әрекет етеді.
Олар «қарыз алушылармен» байланысып, көрсетілген шотқа несие рәсімдеу үшін белгілі бір комиссия жіберуді сұрайды, содан кейін жоғалып кетіп, қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермейді.
Сондай-ақ Желіде күдіктеніп, жалған несие берушілерге ақша жіберуден бас тартқан адамдардың әңгімелері бар. Бұл ретте оларды жеке деректерін жариялаймыз деп бопсалаған.
Қазақстанда мұндай алаяқтық әрекеттері туралы БАҚ-та 2022 жылғы қарашада хабарланды. What‘sApp арқылы қомақты соманы несиеге алу ұсынылды. Мұндай қулыққа тап болғандар туралы хабарланған жоқ.
Алаяқтардың құрығына түспес үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге кеңес береміз.