Ұлттық банк доллар мен рубльдің 19 қыркүйекке арналған бағамын белгіледі.
Бүгін 1 доллар құны – 469,31 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,87 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 470 теңгеден сатылып, 474 теңгеден сатып алынып жатыр. Ал Алматыда доллар 471,5–475 теңге аралығында құбылып тұр.
Ресей валютасы 4,82–4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.