Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов «Қазақстан» шахтасындағы өртті тексеру жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысын жариялады. Бұл туралы 18 қыркүйекте өткен брифиңде айтылды.
19 тамызда үкімет апаттың және жұмысшылардың өлімінің себептерін тексеру үшін комиссия құрды.
Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жұмыс беруші 100% кінәлі екені анықталды. Заң талаптарын бұзған 28 жауапты тұлға анықталды. Болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін комиссия топтық апаттың себептерін жою шараларын әзірледі, — деді Сырым Шәріпханов.
Апатқа кінәлілер арасында бас директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары Винит Мохан, материалдық-техникалық жабдықтауды басқарушы және көмір департаментінің техникалық директоры бар.
Жауапты адамдардың арасында бірде-бір жұмысшы жоқ. Олардың бәрі — орта және жоғары деңгейдегі инженерлік-техникалық қызметкерлер, көмір департаменті мен кәсіпорынның басқарушы қызметкерлері, барлығы 28 адам бары – екеуі Үндістан азаматы, 26-ы Қазақстан азаматы.
Министрдің айтуынша, «Қазақстан» шахтасындағы өрт әлі толық сөнген жоқ. Төтенше жағдай болған жердегі қиын жағдайға байланысты оны оқшаулау туралы шешім қабылданды.
Комиссияның сараптамалық қорытындысы бойынша апаттың мынадай себептері анықталды:
- кептелген конвейер роликіндегі таспа торының үйкелісінен механикалық энергияның жылу энергиясына ауысуы нәтижесінде көмір конвейеріндегі өрт;
- «Қазақстан» шахтасының инженерлік-техникалық қызметкерлері өндірістік бақылау жасамағаны;
- қауіпсіздік шараларын сақтамау және энергетикалық және механикалық қызметтерді әлсіз бақылау.
Еске салайық, 17 тамызда «Арселор Металл Теміртау» АҚ «Қазақстан» шахтасында апат болып, бес адам қайтыс болды. Апат орнында 227 кенші болған, оның 16-сы жарақат алды.