Қазақстанда телеарналарды кабельмен таратуда ақау шықты

Қазақстанда телеарналарды кабельмен таратуда ақау пайда болды.

Оның себебін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі түсіндірді.

Бүгін Ай мен Жердің көлеңкелі учаскесінен ұзақ өту кезеңінде KazSat-3 байланыс ғарыш аппараты батарея блогтарының заряды бітіп қалды. Соның салдарынан жерсеріктің телерадио хабарларын тарату және деректерді жерсерік арқылы беру бойынша қолданыстағы қызметтері уақытша тоқтады. Қазіргі уақытта «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ ұлттық операторы ғарыш аппаратын жасаушы «Академик М.Ф.Решетнев атындағы ақпараттық жерсерік жүйесі» АҚ-пен бірге аталған сервистерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, — делінген хабарламада.