Алматыда Алматы облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

16-17 қыркүйекте мегаполисте Алматы облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, алматылықтарға Алматы облысының фермерлері ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық, сонымен қатар ұн, жарма, өсімдік, жануар майы, басқа да өнімдер ұсынылады.

Жәрмеңкеге барлығы 200 тонна ауыл шаруашылығы өнімі, оның ішінде, 30 тонна – ет, 130 тонна – жеміс-көкөніс, 15 тонна – сүт, 10 тонна – балық, 15 тонна – өзге де өнім әкелінеді.

Жәрмеңке сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін өтеді.

Осыған байланысты Сәтпаев көшесі бойымен Достық даңғылы және Уәлиханов көшесі арасындағы учаске көлік қозғалысы шектеледі.