Президент жұмыс сапарымен Алматы облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапарда президент «Батыл тойтарыс – 2023» әскери оқу-жаттығу жиынын бақылайды, сонымен қатар өңірде бірқатар нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр, — делінген хабарламада.