Қазақтелеком жарты жылда 58,5 миллиард теңге табыс тапты

«Қазақтелеком» АҚ биылғы жарты жылды қорытындылап, тапқан табысы туралы ақпаратты жариялады.

Биыл алты айдағы жұмыс қорытындысы бойынша негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштер өсімі артты. Жарты жылдың қорытындысы бойынша кіріс 330 миллиард теңгеден асып түсті. Аталған көрсеткіш былтырға қарағанда 10%, ал 2021 жылдың жарты жылымен салыстырғанда 17%-ке ұлғайды. Табыстың өсуіне телекоммуникация және ұялы байланыс сегментінің өсуі арқасында қол жетті, — деді «Қазақтелеком» АҚ бас қаржы директоры Людмила Атамұратова компанияның алты айлық жұмысын қорытындылауға арналған жиында.

Спикердің айтуынша, табыстың артуы телекоммуникация және ұялы байланысты жетілдіру бағытында жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Биыл алты айдың қорытындысы бойынша біздің компанияның таза табысы 58,5 миллиард теңгеге жетті. Өткен жылға қарағанда 16% жоғары, былтырғы табыс 51 миллиард теңге болған. Сонымен қатар компанияның капиталды шығыстары (53 миллиард теңгеден 255 миллиард теңгеге) өсті. Бұл жаңа жобаларды іске асырумен де, қолданыстағы активтерді жаңғыртумен де байланысты, — деді Людмила Атамұратова.