Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен барды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар аясында Қазақстан президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады деп жоспарланып отыр.
Душанбе халықаралық әуежайында мемлекет басшысын Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.